Ұлттық банк басшысы екі биржаны қашан біріктіруге болатынын айтты
Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов 2024 жылғы 12 сәуірде өткен брифингте екі биржаның – Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Астана халықаралық биржасының (AIX) бірігуі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық банк басшысы бұл мәселеде терминологиямен айналысуға шақырды.
"Жолдауда Мемлекет басшысы биржаларды біріктіруді емес, биржалардың әлеуетін біріктіруді тапсырды. Бұл әртүрлі мәселелер. Биржаларды біріктіру - бұл бір заңды тұлға құру. Бұл бірінші. Екіншіден, наурыз айының соңына дейін шешімді әзірлеу тапсырылды. Бұл шешімді біз – Ұлттық Банк, АРРФР және АХҚО әзірледік. Қазір ол Президент Әкімшілігінің келісімінде. Сондықтан біз өз жұмысымызды орындадық", - деді Тимур Сүлейменов.
Оның айтуынша, тараптардың бірыңғай тәсілдері бар.
"Бұл оңай болған жоқ, өйткені әркім белгілі бір биржаға көбірек көңіл мен ресурстар алғысы келді. Дегенмен, барлық мүдделі тараптарды тең түрде қарастырдық және бізде қазір жалпы шешім бар. Біз Президент Әкімшілігінің тапсырмасынан кейін бір бағытта жұмысты бастап ктеміз. Аспектілер өте көп: заңды, қаржылық, технологиялық. Көптеген нәрселер өзгерістерді қажет етеді. Біз жол картасын осы жылы аяқтап, келесі жылдан әрекете көшеміз деген мақсат қойып отырмыз. Қазақстанның салыстырмалы түрде шағын нарығына екі биржаның қажеттілігін зерттеп көреміз. Көптеген елдердегі бағалы қағаздар нарығы экономиканы қорландырудың маңызды тәсілдерінің бірі болып табылады. Ал қазір оны тек банктер ғана қаржыландырады", - деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.
2023 жылғы 1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елімізде жұмыс істеп тұрған екі қор биржасын біріктіру мәселесін айтты. Сол күні АХҚО бұл бастамаға қатысты өз көзқарасын білдірді. Артынша, KASE Президент қойған міндет бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript