Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтарды су тасқынынан туындаған қауіп туралы жалған ақпарат таратпауға шақырды

Қазақстандықтарды су тасқынынан туындаған қауіп туралы жалған ақпарат таратпауға шақырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2024 16:17 Сурет: pixabay
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтарды тексерілмеген ақпаратты, сондай-ақ су тасқынына байланысты қауіп төнді делінетін жағдай туралы фейктерді таратпауға шақырды. Министрлік бұл оларды жою жұмыстарына кедергі келтіретінін баса айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпарат ресурстардың барынша шоғырлануы мен тиімділігін талап ететін осынау қиын жағдайда қолдау көрсету үшін барлық күштерді жинақтай отырып, саналылық таныту қажеттігін көрсетеді.

"Құрметті достар! Қазір еліміздегі су тасқынымен күрес қарқынды жүріп жатыр және оның қаупі әлі бәсеңдеген жоқ. Қарғын сумен күреске қолдағы барлық күш пен резерв, адам ресурсы мен қажетті техникалар түгел жұмылдырылды. Су басқан өңірлердің тұрғындары, олармен бірге жиырма мыңнан астам волонтер мемлекеттік органдармен бірігіп жұмыс жасауда. Отандастарымыз ауызбірлік пен жанашырлық танытып, жұдырықтай жұмылып жатыр. Өз кәсібіне адал төтенше жағдай қызметкерлері, әскери қызметшілер, ішкі істер қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер тәулік бойы жұмыс істеуде. Қазір әрбір адам, әрбір техника мен еңбек күші өте маңызды. Көп ресурсты қажет ететін осы бір қиын сәтте біз ақпарат таратуда дәл осындай жүйелі түрде қимылдап, үлкен жауапкершілік танытуымыз қажет. Өкінішке қарай, апаттар мен су тасқыны туралы жалған хабарларға байланысты құтқару бригадаларының жұмыс күші қажет емес жерлерге бағытталған жағдайлар да болды. Салдарынан ең қажетті уақыт текке кетті, ресурстар пайдасыз шығын болды", -жеп жазылған ресми ақпаратта.

Ақпарат саласына жүргізілген мониторинг барысында біз жалған ақпарат болып шыққан 29 фактіні анықтадық. Ол хабарламалардың барлығы тиісті тексеруден кейін уәкілетті органдар тарапынан шынайы емес екені анықталды, деп жазылған ақпаратта.

"Жалған ақпараттар көбіне мессенджерлер арқылы таралады. Ең көп тараған ақпараттар қатарына бөгеттердің бұзылуы, республикалық маңызы бар жолдарды су басуы, су қоймаларындағы, электр станцияларындағы және басқа да стратегиялық объектілердегі апаттар, ауыз судың ластануы, эвакуациялау орындары, қаражат жинау және төлеу туралы жалған мәліметтер жатады. Мәселен, Ақтөбедегі су қоймасы шлюздерін ашу туралы әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарады. Оны кейін Ақтөбе облысының әкімдігі жоққа шығарды. Қостанай облысының әкімдігі Б.Майлин ауданындағы Аят өзені арқылы өтетін көпірдің бір бөлігінің құлауы, сондай-ақ өңірдегі мал қорымдарын су басқаны туралы хабарламаны ресми түрде терістеді. Осы фактілер бойынша төтенше жағдай қызметкерлері сол жерлерге арнайы барғанымен, ақпараттың расталмағанын ерекше атап өткім келеді. Басқа жерлердегі шын көмекке мұқтаж жандар күтіп отыратынын, олардың арасында балалардың бар болуы мүмкін екенін ұмытпайық. Денсаулық сақтау министрлігі де су басқан аумақтарда жұқпалы аурулардың өршу қаупі және эпидемиологиялық қызмет тарапынан жағдайды бақылаудың жеткіліксіздігі туралы жалған ақпарат тарағанын мәлімдеп отыр." Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Сондай-ақ, министрлік елдегі су тасқыны жағдайында алаяқтардың айла-шарғы жасап, адамдардың зұлым ниеттерін жүзеге асыру үшін қайғы-қасіретке ұшырайтынын ескертті.

Құрметті достар! Тасқыннан зардап шеккендерге арналған төлемдер туралы да әдейі жалған хабарламалар тарату үлкен қауіп төндіреді. Соңғы күндері су тасқынынан зардап шеккендерге Мемлекет басшысы тарапынан уәде етіледі деген миллиондаған доллар төлемдері, Премьер-Министр мен Үкімет мүшелерінің атынан ақшалай қаражат жинау туралы жалған хабарламалар пайда болды. Мұндай ақпаратқа сенбеуге шақырамын. Алаяқтар су тасқыны жағдайын өздерінің жеке мақсатына пайдалана бастады. Теріс ниеттілер қазақстандықтардың жеке деректері мен қаржылық ресурстарын ұрлау үшін интернетте "Төлемдер үшін ЖСН-ді тексеріңіз", "3 миллион теңгеге дейін өтемақы алу", "Мемлекеттен мүмкіндігінше тезірек жәрдемақы алу" деген сияқты хабарламалар жариялайды. Жарнамаларын сенімді көрсету үшін қылмыскерлер қазақстандық банктер мен мемлекеттік мекемелердің атауын пайдаланады. Мысалы, Facebook, Instagram және Telegram желілерінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әртүрлі банктермен бірлесіп төлейтін төлемдері туралы хабарламалар жиі жарияланады. Сондай-ақ, Қаржы министрлігі жаңа қаулы қабылдап, шығынның орнын толтырып жатыр екен деген жалған ақпарат жүр. Адамдарды жаңылыстыру үшін алаяқтар әр жазбаның астына алғыс сөздері бар бот пікірлерін жазады. Бұл көрінеу жалған хабарламалардың барлығы мемлекеттік органдар арқылы жедел теріске шығарылып, барлық фактілер бойынша құқық қорғау органдарына хабарламалар жіберілді.

Барлық анықталған заңсыз фактілерге құқықтық баға беру, жедел-іздестіру және іс жүргізу үшін материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.

Сондықтан тек ресми және расталған ақпаратқа сеніңіздер. Барлық күмәнді фактілерді бірнеше рет тексеріңіз және күмәнді хабарламаларды ары қарай таратпаңыз, - деп жазылған реми ақпаратта.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: