Орал әкімдігі: Ресейден үлкен су кез келген уақытта келуі мүмкін
![Орал әкімдігі: Ресейден үлкен су кез келген уақытта келуі мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2024 10:39](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2024-04-15/file-ab155092-b59e-4183-8238-7a9c80f70b2f/400x225.webp)
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 15 сәуірде Орал қаласының тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үндеуде айтылғандай, қалада су тасқыны қаупі бар.
"Мамандардың айтуынша, Ресей Федерациясынан судың мол көлемі 2-3 күнде қаламызға жетеді. Қауіпті деңгей 8,5 метр болса, қазір Жайықтың деңгейі 8 метрге жуықтады.", деліннен хабарламада.
Су тасқынына қарсы жұмысқа жергілікті атқарушы органның және төтенше жағдай қызметінің барлық ресурсы тартылды. Қазір 350 арнайы техника, 2000-ға жуық адам тасқынға тосқауыл қоюға жұмылдырылған. Сондай-ақ, көмекке өзге өңірлерден, облыс аудандарынан әскери қызметшілер, ТЖД қызметкерлері және еріктілер келді.
"Ең бастысы - азаматтардың амандығы. Сондықтан Жайық жайылымындағы саяжайлардың, су басу қаупі жоғары Курени, Старица, Коминтерн аудандарының тұрғындары эвакуация жасау қажет. Судың мол көлемі кез-келген уақытта жетіп, үйіңізді су басуы мүмкін. Өзіңіздің және жақын адамдарыңыздың өмірін қауіпке тікпей, шұғыл түрде тума-туыс, достарыңыздың үйіне орналасыңыз. Уақытша баратын үй болмаса, қалада эвакуациялық пункттер жасақталған. Олар тұрғындарды күні-түні үздіксіз қабылдайды."БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Сұрақтар бойынша қалалық штабқа 24-05-70 және 24-01-94 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.
Айта кетейік, тәулік бойы СҚО-да халықты эвакуациялау жалғасуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript