"Қазатомөнеркәсіп" жаңа кен орнында сирек металдарды іздеп көкжиегін кеңейтуде
Бұл жобаны іске асыру атом холдингіне қолданыстағы өндірісті өзінің минералдық-шикізат базасымен қамтамасыз етуге, экономикалық тиімділікті арттыруға, қатысу өңірлерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сирек металдардың (тантал, ниобий, бериллий) қорларын бағалау және растау үшін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
"Сирек және жер сирек кездесетін металдары, сондай-ақ олардың қосылыстары авиация мен ғарыштық техникадан бастап медицина мен электроникаға дейінгі экономикалық секторлардың кең ауқымында маңызды рөл атқарады. Бұл металдар қазіргі әлемді айқындайтын сындарлы маңызды материал болып табылады. Біз Қазатомөнеркәсіп осы бағытта өзінің стратегиялық дамуын жалғастырып жатқанын мақтанышпен айта аламыз. Жаңа кен орындарын ашу және игеру біздің әлемдік нарықтағы ұстанымымызды нығайтады және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. 2023 жылы ҮМЗ атынан компания Ақтөбе облысындағы Жоғарғы Ырғыз кен орнында қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алды", - деп түсіндірді "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
ҮМЗ-тантал, ниобий және бериллийді өңдеуден бастап жоғары сапалы дайын өнімдерді шығаруға дейінгі толық өндірістік циклі бар бірегей және әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Бүгінгі таңда зауыт бериллий өнімдерін өндіру бойынша әлемде 2-ші және тантал өнімдерін өндіру бойынша 4-ші орында.
Бұл қызмет "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның сирек металл және жерде сирек кездесетін металдар саласындағы 2022 – 2029 жылдарға арналған ғылыми-технологиялық даму бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Өнімнің жаңа түрлерін жасау, кәсіпорындарда пайдалы құнды компоненттерді ілеспе алу технологияларын жетілдіру, ғылымды қажетсінетін өндірістерді ұйымдастыру мақсатында әзірленген.