Бишімбаевтың ісі бойынша 11-ші сот отырысы - тікелей эфир
Сурет: Telegram/Jogargy_sot
Астанада 2024 жылғы 16 сәуірде сағат 09:30-да аса қатыгездікпен әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қазақстан Республикасының бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша он бірінші сот отырысы басталды,- деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот залынан онлайн-трансляцияны Қазақстанның Жоғарғы соты жүргізеді.
Экс-министрдің ісі елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр және судья болып осы соттың төрағасы Айжан Құлбаева тағайындалды. Күдікті ретінде Қуандық Бишімбаев пен оның ағасы Бақытжан Байжанов айыпталуда.
Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша 10-шы сот отырысында денсаулық жағдайы бойынша келмеген алқабилердің бірі ауыстырылды. Сондай-ақ, судья Айжан Құлбаева сотты бірнеше рет құрметтемегендіктен экс-министрдің қорғаушыларының біріне жеке қаулы шығарды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript