Жаңалықтар тізбегі
0

Балаева өзінің атынан белгісіз адамдар WhatsApp-қа жіберетін ақпараттар “жалған” екенін хабарлады

Балаева өзінің атынан белгісіз адамдар WhatsApp-қа жіберетін ақпараттар “жалған” екенін хабарлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2024 12:47 Сурет: primeminister.kz
Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бүгін, 2024 жылғы 16 сәуірде WhatsApp-қа ел азаматтарына өз атынан ақпараттар жіберілуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР МАМ басшысы өзінің Facebook парақшасында жариялады.

"Қазіргі уақытта WhatsApp мессенджерінде белгісіз біреулер тұрғындарға менің атымнан хабарламалар жіберуде. Бұл хабарламалар жалған екенін, нөмірлер маған тиесілі емес екенін ресми түрде мәлімдеймін. Жіберілген ақпараттарға сенбеулеріңізді және ешбір жағдайда күдікті сілтемелерді баспауларыңызды сұраймын. Қазір арандатушыларды іздеу жұмыстары жүргізілуде.",-делінген жазбада.

Айта кетейік, бұндай жалған ақпараттарды тарату туралы фактілер, осыған дейін келесі лауазымды тұлғаларда да орын алған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: