Аида Балаева БАҚ-ты тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды

СМИ, средства массовой информации, масс-медиа, журналисты, журналистика, издания, пресса, корреспонденты, репортеры, медиа, репортеры, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2025 14:53 Фото: freepik
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік қызметкерлердің ұсталуына қатысты жаңалықтарға байланысты БАҚ-қа үн қатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр 2025 жылғы 4 қыркүйекте Facebook-тегі парақшасында:


"Кейбір ресми БАҚ пен анонимді Telegram-арналарында мемлекеттік қызметкерлердің ұсталуына қатысты расталмаған ақпарат таралуда", – деп мәлімдеді.

Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет.

Көбіне расталмаған "хайп қуған" деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауы тиіс.

Әріптестерді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырамын. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: