16 сәуірдегі саудада доллар өсімін жалғастырды

16 сәуірдегі саудада доллар өсімін жалғастырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2024 15:40 Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,29 тенге теңгеге көтеріліп, 448,81 теңгеге жеткенін хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 61,72 теңгені (-0,19) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 478,03 теңге, рубль – 4,79 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 448,9-450,7 теңгеге, еуро – 477-481 теңгеге, ресей рублі – 4,73-4,83 теңгеге сатылуда.

Ал, 16 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,08% - ға өсіп, барреліне 90,17 долларды құрады.

NYMEX лектрондық саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,04% - ға өсіп, барреліне 86,52 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: