СҚО әкімі қарғын судың ортасында қалған ауыл тұрғындарымен кездесті
Сурет: СҚО әкімінің баспасөз қызметі
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов үлкен судың ортасында қалған Прибрежное ауылына барып, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыс әкімі жергілікті тұрғындардың көкейтесті сұрақтарына жауап беріп, зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барынша көмек көрсетілетінін айтты.
Сонымен қатар, өңір басшысы жақын күндері әкімдік тұрғындардан келтірілген шығынды өтеу туралы өтініштерді қабылдай бастайтынын, ол үшін эвакуациялау пунктінде Старлинк спутниктік интернеті орнатылғанын айтты.
Су тасқынының алғашқы күндері тұрғындардың бір бөлігі ауылдан тікұшақпен көшірілген болатын.
"Ауыл изоляцияда болғандықтан, халықты қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қажет. Қызылжар ауданының әкіміне тұрғындарды қажетті заттармен қамтамасыз етуді және олардың өтініштеріне жедел ден қоюды тапсырдым.",-делінген әкімнің жазбасында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



