Тасқынның үшінші толқыны: СҚО әкімі өңірдегі ахуал жайлы айтып берді

Тасқынның үшінші толқыны: СҚО әкімі өңірдегі ахуал жайлы айтып берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2025 14:57 Сурет: Instagram/gaueznurmukhambetov А
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бүгін, 2025 жылғы 25 сәуірде Петропавл мен Қызылжар ауданындағы су тасқыны жайлы ахуалды айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, өңір басшысы атқарылып жатқан жұмыс барысындағы суреттер мен бейнежазбаларды өзінің Instagram парақшасына жүктеді.

"Қазір Петропавл мен Қызылжар ауданында су тасқынының үшінші толқыны өтіп жатыр. Осыған байланысты өзендер мен гидротехникалық нысандардың жағдайы тәулік бойы бақылауда. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде",- деп жазды әкім.

Оның айтуынша, Тепличное ауылында елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныс бөгетін нығайту бойынша алдын алу шаралары жүргізілуде.

"Бұл жұмыстар түнде де жалғасты. Оған Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық гвардия және жергілікті атқарушы органдардың 900-ден астам қызметкері жұмылдырылған. Тасқын жағдайы ерекше бақылауда".

СҚО әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Петропавлдағы Есіл өзеніндегі су деңгейі – 1142 см.

"Соңғы екі сағат ішінде +2 см",- деп нақтылады әкімдік.

Бұған дейін елімізде заңсыз алтын өндірумен айналысқан 5 кәсіпорын анықталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: