Атырауда бөгеттерге арналған қаптарды ұрлаған
Сурет: primeminister.kz
Атырауда жағалаудағы бөгеттен құм толы қапшықтарды ұрлады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 19 сәуірде Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлімдеді.
"18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Атырау қаласындағы Жайық жағалуында тасқын судың алдын алу мақсатында дайындалған бөгеттерден құм толтырылған қапшықтарды ашық түрде жымқырғандар анықталып ұсталды."Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
42, 32, 37, 38 жастағы ер адамдар мен 34 жастағы әйел адам алдын ала ақылдасып құм толы қапшықтарды өз тұрғын үйлерінің қоршауына көлікке тиеп тасыған.
Оларға қатысты ұсақ-түйек жымқыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript