Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: "Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ"

Тоқаев: "Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ", сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2024 12:42 Сурет: akorda.kz
19 сәуірде Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров шағын құрамда келіссөз жүргізді. Бүгінгі кездесуде екі елге де маңызды тарихи құжаттарға қол қойылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті сапарының екі тарап үшін де мән-маңызы айрықша екенін атап өтті.

"Бүгін біз Одақтастық қатынастарды нығайту және кеңейту туралы тарихи келісімге қол қоямыз. Осы маңызды құжат қазақ-қырғыз байланыстарының дамуына тың серпін беретініне сенімдімін. Ел аузында "Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ" деген сөз бар. Бұл – дұрыс айтылған тұжырым", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев: "Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ", сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2024 12:42

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Президенттің пікірінше, бұған белсенді саяси диалог, үкіметаралық және парламентаралық тығыз байланыстар ерекше серпін беріп отыр.

"Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келеді. Былтыр өзара тауар айналымы 1,5 миллиард долларға жетті, яғни 26 пайызға өсті. Алдағы мақсатымыз алыс-беріс көлемін 2 миллиард долларға жеткізу. Сонымен қатар осы бағытта болашағы зор бірқатар жоба қолға алынды. Жалпы, сауда-экономикалық саладағы уағдаластықтар орындалып жатыр", – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев: "Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ", сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2024 12:42

Сурет: akorda.kz

Келіссөз барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарға да назар аударылды

"Өзара мәдениет күндерін өткізу игі дәстүрге айналды. Жастар арасындағы ықпалдастық күшейді. Білім беру саласында тәжірибе алмасып жатырмыз. Бүгін өзіңізбен бірге Астанада әйгілі Манасқа ескерткіш ашамыз. Осының бәрі қазақ-қырғыз қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Біз оны жаңа белеске көтеруге мүдделіміз", – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев: "Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ", сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2024 12:42

Сурет: akorda.kz

Өз кезегінде Садыр Жапаров қырғыз делегациясына қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.

"Қазақстан біздің ең жақын көршіміз. Сыртқы саясатымызда ерекше артықшылықтарға ие болған бауырлас мемлекет әрі негізгі сауда серіктестеріміздің бірі. Екі ел арасында ешқандай саяси, аймақтық қайшылық жоқ. Мемлекет басшысы лауазымына келгелі бері қырғыз-қазақ қарым-қатынасы болсын, халықаралық құрылымдарда болсын, маған қолдау көрсетіп келесіз. Біз бауырлас қазақ халқына су тасқыны салдарынан туындаған қиын кезде қолдан келген көмекті беруге дайынбыз. Екі елді ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, бауырластық, тату көршілік байланыстар, сондай-ақ ортақ мәдени, рухани және діни құндылықтар біріктіреді. Өзара ынтымақтастығымыз бен стратегиялық серіктестігіміздің одан әрі нығая беретініне сенімдімін", – деді Садыр Жапаров.

Ақорда мәліметінше, келіссөз барысында тараптар саяси, көлік-транзиттік, энергетикалық салалардағы өзара ықпалдастықты нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырды.

Айта кетейік, 2024 жылғы 18 сәуірде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға ресми сапармен келді. Елорда әуежайында оны мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке қарсы алды. Кешке Мемлекет басшылары Қазақстан мен Қырғызстан өнер шеберлерінің гала-концертіне қатысты. 19 сәуірде "Ақорда" резиденциясында Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: