Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Сурет: akorda.kz
"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.
2024 жылғы 18 сәуірде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға ресми сапармен келді. Елорда әуежайында оны мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке қарсы алды. Кешке Мемлекет басшылары Қазақстан мен Қырғызстан өнер шеберлерінің гала-концертіне қатысты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


