Құлсарыда санитарлық тазарту басталды

Құлсары, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2024 17:10 Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр: кейінгі тәулікте 55 үй газға, 25 үй электр қуатына қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір 2 564 үйден су кетті, сорылған судың жалпы көлемі 3 млн текше метрден асады.

"Залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2716 өтініш қабылдап, 600-ден астам үйге техникалық тексеру жүргізді. Сондай-ақ Құлсарының 3600 тұрғыны 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық төлем алды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді. Су кеткен аумақта дезинфекциялық жұмыстар, сондай-ақ қаланы санитарлық тазарту жұмыстары басталды. Соңғы тәулікте 975 тонна қоқыс шығарылды", - деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ алаңында өткен брифингіде.

Махамбет және Индер аудандарында Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары 100% аяқталды, Атырау қаласында жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: