Құлсарыда 100 үйдің іргетасын құю жұмыстары басталды

Құлсарыда 100 үйдің іргетасын құю жұмыстары басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2024 15:20 Сурет: pixabay
Атырау облысы Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін 100 үйдің іргетасын құю жұмыстары басталды.

Болашақ ықшам ауданында 80 үй "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қаражаты есебінен, 20-сы жергілікті бюджет есебінен салынуда.

Қазір бетон төсеу жұмыстарымен қатар іргетас, монолит құю жұмыстары атқарылып жатыр.

Қажетті инертті және құрылыс материалдары жеткілікті, дейді жауапты мамандар. Әр тұрғын үйдің жалпы көлемі 100 шаршы метрді құрайды.

Жоба бойынша баспана 5 бөлмеден тұрады. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жұмыс күшін тарту бойынша лимит саны көбейтілген.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: