Қазақстанда "Болашақ" бағдарламасы бойынша құжаттар жаңаша қабылдануда
Конкурстық іріктеу 2024 жылғы 10 мамырдан 30 қарашаға дейін өтеді.
"Болашақ" стипендиясына құжаттар egov.kz порталы арқылы қабылданады. "500 ғалым" бойынша өтінімдерді қабылдау және конкурстық іріктеу алғаш рет bolashak.gov.kz. порталында "Үміткердің жеке кабинеті" бөлімінде онлайн жүргізіледі.
Шетелде кадрлар даярлау кезінде басымдық инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға беріледі.
"2024 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқу үшін 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде 395 стипендия магистратура және резидентура, докторантура бағдарламалары бойынша – 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін - 110 стипендия бөлінді.",-делінген ведомства хабарламасында.
Үміткерлер келесі мамандықтар бойынша шетелде дайындықтан өте алады:
- су қауіпсіздігі және су бұру;
- агроорман шаруашылығы;
- құрылыс;
- АӨК;
- жасанды интеллект;
- молекулалық генетика.
Академиялық оқуға, тағылымдамадан өтуге, ұшуға, медициналық сақтандыруға, визалық алымдарға, оқу материалдарын сатып алуға жұмсалатын шығындар өтеледі, сондай-ақ ай сайынғы стипендия төленеді.
Үміткерлерге қойылатын талаптармен, басым мамандықтар тізбесімен, университеттер мен ғылыми орталықтардың тізімімен bolashak.gov.kz. сайтында танысуға болады.