Жаңалықтар тізбегі
0

ҚМДБ Бишімбаевтың оқиғасынан кейін азаматтық некеге қатысты пәтуаны көптің есіне салды

Азаматтық неке, ҚМДБ, пәтуа, Бишімбаев оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2024 22:53 Сурет: pixabay
ҚМДБ кейбір оқырмандар Бишімбаев пен Нүкенованың некесіне қатысты өздері жариялаған мәлімдеме мәтініндегі "азаматтық неке" ұғымын дұрыс түсінбей, сұрақтар жолдап жатқанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Осыған орай азаматтық неке үкіміне қатысты ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі шығарған пәтуа мәтінін тағы да жариялап отырмыз. Соңғы кезде қоғамда ер мен әйелдің ерікті түрде бір-бірін сынау мақсатында некесіз қосылып, ата-ана, туған-туыстарына жарияламай ерлі-зайыпты болып бірге тұратын "азаматтық неке" ұғымы пайда болды. Кейбіреулер оны "еркін махаббат" немесе "іс жүзіндегі неке" деп те атайды. Алайда некесі қиылмаған "азаматтық неке" шариғатта некесіздікке жатады", деп жазды басқарма баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, АХАТ бөлімінде ресми тіркелмей немесе мұсылманша неке қиылмай жақындасу зина ұғымына кіреді. Осылайша, екі тарап "ерлі-зайыпты болуға дайындық, тәжірибе" деген желеумен ауыр күнә болып саналатын зинақорлықты ақтауға тырысады.

"Негізінде мұсылман шариғатында халал мен харам анық ажыратылып көрсетілген", - дейді ол.

"Азаматтық некенің" шариғатқа қайшылығы мынадай:

  1. Азаматтық некеде неке қиылмай ер мен әйел төсек қатынасына барады. Ал неке қиылмай төсек қатынасына бару шариғи тұрғыдан зинаға жатады. Зина шариғатта үлкен күнә болып есептеледі. Алла Тағала Құран Кәрімде зинаға мүлде жоламауды қатаң ескерткен: "Зинаға мүлде жоламаңдар. Шын мәнінде, ол – анық арсыздық әрі ең жаман жол" ("Исра" сүресі, 32-аят).
  2. Азаматтық некенің салдарынан дүниеге келген бала ойнастан туған болып есептеледі.
  3. Дүниеге келген сәби шариғи тұрғыдан мұрагерлік, қамқорлық құқықтарынан айырылады.
  4. Сәбидің ата-анасы шариғат бойынша зинақор деген атауға ие болып, Алланың құзырында ауыр есепке тартылады.
  5. Отбасылық жауапкершілік сақталмайды. Негізінде, ер-азаматқа отбасын асырап-бағу, нәпақа табу міндеті жүктеледі. Ұрпақ тәрбиесі, үй шаруашылығы әйелдің еншісінде. Ал азаматтық некеде мұндай жауапкершілік мүлде сақталмайды. Олар бар болғаны бір-бірін сынау, тәжірибе мақсатымен ғана бірге тұрады.
  6. Жетесіз нәсілдің қалыптасуына септігін тигізеді. Себебі, қазақ жұрты өзінің тегін, ұлтын білмейтін ұрпақты, жеті атасын білмегенді "жетесіз" деп атаған.
"ҮКІМ: Біріншіден, АХАТ бөлімінде ресми тіркелмей немесе мұсылманша неке қиылмаған "азаматтық неке" – зина болып саналады. Екіншіден, жоғарыда аталған теріс сипаттағы "азаматтық некенің" шариғаттағы үкімі – харам. Үшіншіден, мұсылман баласы арты опық жегізетін мұндай ауыр әрі лас күнәдан аулақ болуы тиіс".ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

ҚМДБ АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын құжатсыз Бишімбаев пен Нүкенованың некесін шариғат жолымен қиған республикалық бас мешіт имамына тәртіптік шара қолдана отырып, ескерту жасаған еді.

Айта кетсек, әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша бірінші сот процесі 11 наурызда өтті. Сот талқысы барысында экс-шендінің марқұммен ресми некеге отырмағаны, тек шариғат жолымен ғана қосылғаны белгілі болды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: