Жаңалықтар тізбегі
0

ҚМДБ мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған Қостанай облысының имамына қатысты мәлімдеме жасады

ҚМДБ мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған Қостанай облысының имамына қатысты мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2024 13:03 Сурет: muftyat.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) бүгін, 2024 жылғы 25 шілдеде мас күйінде көлік жүргізіп отырғанда ұсталған Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбетке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде Қостанай облысының имамы Бахытбек Тәжімбеттің 2024 жылдың 23 шілдесінде Ақмола облысының Бурабай кентінде автокөлігін масаң күйде жүргізіп, жол ережесін бұзғаны туралы ақпарат тарады.

Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды. Алла Тағала баршамызды жамандық пен өкінішті істерге жетелейтін нәпсі қалауының кесірінен сақтағай.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиға үшін елдегі мұсылман қауымынан кешірім сұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: