Жаңалықтар тізбегі
0

"Жаңбыр соңы қарға ұласады". Еліміз бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, Қазақстан, 21-25 сәуір, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2024 17:54 Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстан аумағында қар жамылғысы сақталған аумақ 3%-ды құрайтынын айтады. Сондай-ақ алдағы аптада бірқатар өңірде жауын-шашынның болатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгиромет" РМК-ның гидрологиялық болжамына сәйкес, қар жамылғысы, негізінен, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Түркістан, Алматы мен Жетісу облыстарының жыраларында, орманды және таулы аймақтарында сақталған.

Синоптикалық болжамға сәйкес 20-26 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, тек кей күндері жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

"Жаңбыр жауады, кезеңнің басы мен ортасында Шығыс Қазақстан облысында, кезең аяғында Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысында түнгі сағаттарда жаңбыр қарға ұласады. Атап айтқанда, 20, 22-24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 25-26 сәуірде Қостанай, Павлодар облыстарында, 25 сәуірде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстарында". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Ал 23, 25 сәуірде Жамбыл облысында, 26 сәуірде Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады.

Алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде ауа температурасында ауытқулар болады, негізінен, сынап бағаны шамалы төмендейді. 

Мәселен, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде -2 градус суық болады. Сол секілді оңтүстік-шығыс өңірде түнде сынап бағаны 0-ге дейін төмендейді. Шығыс өңірде де түнде сынап бағаны -3 градус суықты көрсетеді. 

Айта кетсек, алдында "Қазгидромет" РМК мамандары еліміз бойынша жексенбі, 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: