Судьяның шешімімен Бишімбаевтың сот отырысында БАҚ өкілдері залға қайта оралды
Сурет: Telegram/Jogargy_sot
Астанада 22 сәуірде Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот жалғасуда. Сот процесінің басында судья Айжан Құлбаева БАҚ өкілдеріне сот залына кіруді қайтару туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айжан Құлбаеваның айтуынша, тергеу нәтижесінде алқа билердің фото және бейнежазбаларын БАҚ-та және әлеуметтік желілерде КТК телеарнасының өкілдері таратқаны белгілі болды.
"Олар бүгінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты ескерту түрінде әкімшілік жазалар қолданылды. Осыған байланысты БАҚ өкілдерінің сот залына кіруі мүмкін екендігі туралы процеске қатысушылардың пікірін айтуды сұраймын", – деді судья.
Процеске қатысушылардың көпшілігі қарсы емес екенін айтты. Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары ғана қарсы болды.
"Бізде процесс ашық сот отырысында жүргізіліп жатқанын ескере отырып, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 29-бабында бекітілген сот ісін жүргізудің жариялылық қағидатын қамтамасыз ету мақсатында және әділ сот талқылауы мақсатында сот бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін сот залына жіберу қажет деп санайды. Бұл ретте КТК арнасына да сот залына да рұқсат етіледі, өйткені бұған дейін оларға қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылған болатын", - деді Айжан Құлбаева.
2024 жылғы 10 сәуірде БАҚ өкілдері Қуандық Бишімбаев ісі бойынша жүргізіліп жатқан сот отырысынан шығарылған болатын. Судья Айжан Құлбаеваның айтуынша, мұндай шешім сотты құрметтемегендіктен қабылданған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript