Қарағанды облысының тұрғындары 22-30 сәуір аралығында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Сурет: akorda.kz
22 сәуір күні Қарағанды облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы өңір тұрғындарына мәлімдеме жасады. Тұрғындарды 10 күн шамасында, қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануға, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды. Бұл туралы облыс әкімдігі бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Терроризмге қарсы оқу іс-шараларын өткізуді Қарағанды облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы 22-30 сәуір аралығында өткізуді жоспарлауда екені аталып өтілді.
"Тұрғындарды өткізілетін шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, арнайы, құқық қорғау және мемлекеттік органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз", – деп хабарлады Қарағанды облысының терроризмге қарсы жедел штабы.
Айта кетейік, 2024 жылдың 20 сәуірінде Алматыда Республика сарайында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өткізілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript