Бишімбаевтың сот отырысына қатысу үшін ресейлік танымал журналист Ксения Собчак ұшып келді
Сурет: Instagram/xenia_sobchak
Танымал ресейлік журналист Ксения Собчак азаматтық әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жүргізіліп жатқан сот отырысына қатысу үшін Астанаға арнайы ұшып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тележүргізуші тікелей сот отырысы өтетін залда болды.
Сурет: бейнежазба скриншоты
Ксения Собчактың және отырыстың өзге де қатысушыларының фотосуретімен Жоғарғы соттың баспасөз қызметі бөлісті.
Сурет: Жоғарғы Сот баспасөз қызметі
2024 жылдың 4 сәуірінде Собчак Қазақстаннан тыс жерлерде де талқыланып жатқан атышулы іске қатысты өз пікірін айтқан болатын.
"Маған Қазақстанда әйелін өлгенше сабаған бұрынғы ұлттық экономика министрін сотта (және қоғамда да) қатты қақпақылап жатқаны ұнайды. Менің ойымша, жақын арада бұл бұрынғы ТМД-дағы ең прогрессивті ел болады".
Экс-министрдің ісі елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр және судья болып осы соттың төрағасы Айжан Құлбаева тағайындалды. Күдікті ретінде Қуандық Бишімбаев пен оның ағасы Бақытжан Байжанов айыпталуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript