Жаңалықтар тізбегі
0

2023 жылы Қазақстанда қанша бала дүниеге келді

Бала туу көрсеткіші, Қазақстан, 2023 жыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2024 17:16 Сурет: unsplash
Ұлттық статистика бюросы, бүгін, 2024 жылғы 22 сәуірде өткен жылға қатысты Қазақстандағы туу көрсеткіші туралы мәліметпен бөлісті. Динамикаға сәйкес, елімізде екінші жыл қатарынан бала туу көрсеткішінің төмендеп отырғаны байқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Статитсикалық мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы Қазақстанда 388,4 мың сәби (403,8 мың – 2022 ж.) дүниеге келді, оның:

  • 51,6% – ұлдар,
  • 48,4% – қыздар.


Туу көрсеткіші, графика, 2023 жыл, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2024 17:16

Сурет: stat.gov.kz


230,3 мың бала немесе туылғандардың 59% қалалық жерде туылса, қалған 158 мың бала, яғни 41% – ауылдық жерде дүниеге келген.

Бала туудың 2023 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,52 құрады, 2022 жылы ол 1000 адамға шаққанда 20,57 болған. Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1000 тұрғынға 26,74 адам), Түркістан облысында (1000 тұрғынға 26,18 адам) және Шымкент қаласында (1000 тұрғынға 25,70 адам) байқалды.

Бала туудың негізгі үлесі 25-29 аралығындағы әйелдерге тиесілі – 29%, 30-34 жас аралығындағыларда – 26%. 20 жасқа дейінгі әйелдер өткен жылы 12,6 мың бала, 50 жастан асқандар 96 баланы дүниеге алып келген. Бұл ретте ананың орташа жасы 2023 жылы 29,7 жасты құрады.

Жиынтық коэффициенті (ТЖК) – республика бойынша 2023 жылы бүкіл репродуктивті кезең ішінде (15-49 жас) орта есеппен бір әйелден туған балалардың саны 2,96 (2022ж. – 3,05) құрады, қалалық жерде – 2,63 (2022ж. – 2,76), ауылдық жерде – 3,59 (2022ж. – 3,59).

Өңірлік бөліністе ТЖК ең жоғары деңгейі Түркістан (4,39), Маңғыстау (3,99) облыстарында, ал ең төменгі деңгей – Солтүстік Қазақстан облысында (1,82) тіркелді.

Туылған балалардың 23% – 90,7 мыңы отбасында екінші бала боп туған, отбасында сегізінші бала болғандардың саны 1 мыңнан астам.

Былтыр дүниеге келген егіздер саны 4 075 (2022 ж. – 4 063) құрады, үшемдер – 48 (2022 ж. – 50), төртем – 1.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: