Жаңалықтар тізбегі
0

Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексермек

Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген  қаражаттың жұмсалуын тексермек, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2024 09:47 Сурет: ҚР ҚМА
ҚМА төрағасы Дмитрий Малаховтың тапсырмасымен гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың қайда кеткені тексеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Малахов бөлінген ақшаның қайда кеткенін сапалы тергеу мен бағалауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

"Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет", - деп тапсырды Д.Малахов.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

ҚМА басшысы орын алған су тасқыны салдарды жою үшін бөлінген ақшаны мақсатты пайдалану мен көмек зардап шеккен барлық азаматтарға нақты жетуді қамтамасыз етуді тапсырды.

"Осылайша, қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты."ҚМА баспасөз қызметі

Сонымен қатар, алдын-алу жұмыстары зардап шеккендерге көмектесу үшін ақша жинауды жариялайтын алаяқтарға қарсы тұруға бағытталатын болады.

Бағаның өсуіне жол бермеуге ерекше назар аудару тапсырылды.

"Ол үшін азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттар бағасының мониторингі жалғасатын болады. Агенттік сонымен қатар құрылыс материалдарының бағасымен алыпсатарлық тәуекелдерін алдын алу қызметін де жандандырады.",- деп толықтырды ведомства.

Анықталған фактілермен күрес аналитикалық құралдарды пайдалана отырып жүргізілетін болады.

Еске сала кетейік, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 19 сәуірде бейінді министрліктерге екі күн мерзімде су тасқыны салдарынан жоғалған немесе бүлінген бірінші қажеттіліктегі мүлік үшін залалды өтеу алгоритмін әзірлеуді тапсырған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: