Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы тағайындалды

 Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2024 12:30 Сурет: gov.kz
ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің жаңа басшысы лауазымына ҚМА төрағасының орынбасары қызметін атқарған Дмитрий Малахов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 13 ақпанда қол қойды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған ресми құжатта.

Дмитрий Малахов 1974 жылы 27 тамызда Көкшетауда дүниеге келген. 1991-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебінде, 2003-2005 жылдары – Т.Рысқұлов атындағы Экономика және қаржы университетінде білім алған. («Заңгер – заңгер, экономист» мамандығы).

Еңбек жолын ішкі істер органдарында, қаржы полициясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және экономикалық тергеу қызметтерінде қызмет етуден бастаған. 2004-2019 жылдары Ішкі істер министрлігінің облыстық және орталық аппараты, Қаржы полициясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басқармалары бастығының орынбасары, 2019 жылдан 2020 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Операция департаментінің басшысы.

2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Дмитрий Малахов Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы болып тағайындалғанға дейін 2023 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: