23 сәуірдегі түскі саудада доллар одан әрі құлдырады

23 сәуірдегі түскі саудада доллар одан әрі құлдырады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2024 15:57 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 1,34 теңгеге төмендеп, 444,326 теңгеге жетікен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 61,31 теңгені (-0,18) құрады.

Ұлттық банк Еуро бағамын 474,58 теңгеге, рубль – 4,78 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 444,7-446,3 теңгеге, еуроны – 474-478 теңгеге, ресей рублін – 4,69-4,79 теңгеге саудалауда.

Сонымен қатар, 23 сәуірдегі саудада мұнайдың әлемдік бағасы өсуде.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 1,28% - ға, барреліне 88,11 долларға дейін өсті.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының маусымдағы фьючерстері 1,25% - ға, барреліне 82,92 долларға дейін қымбаттады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: