Түскі саудада доллар бағамы одан әрі өсті
Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,77 теңгеге көтеріліп, 444,14 теңгеге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытайдағы мерекеге байланысты юаньмен сауда болған жоқ.
Ұлттық банк еуроның бағамын 474,49 теңге, рубльді 4,83 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 444,5-446,1 теңгеге, еуро 476-480 теңгеге, ресей рублі 4,75-4,85 теңгеге сатылуда.
Ал 3 мамырдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында шілдедегі Brent фьючерстерінің құны 0,13%-ға өсіп, барреліне $83,78 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының маусым айындағы фьючерстері барреліне 0,14%-ға өсіп, 79,06 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript