19 наурыздағы саудада доллар бағамы одан әрі өсті
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,78 теңгеге көтеріліп, 451,08 теңгеге жеткенін хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 62,53 теңгені (+0,14) құрады.
Ұлттық банк еуроның бағамын 489,69 теңге, рубльді 4,89 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 449,9-451,9 теңгеге, еуро 489-493 теңгеге, ресей рублі 4,79-4,91 теңгеге сатылуда.
Ал 19 наурыздағы аукционда әлемдік бағалар төмендеп жатыр.
Осылайша, Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,26 долларға арзандап, 86,63 долларды құрады.
Нью-Йорк NYMEX (New York Merchantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы барреліне 0,24 долларға төмендеп, 82,48 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript