13 наурыздағы саудада доллар бағамы одан әрі өсті
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,66 теңгеге көтеріліп, 449,89 теңгеге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 62,59 теңгені (+0,01) құрады.
Ұлттық банк еуроның бағамын 491,26 теңге, рубльді 4,93 теңге деп белгіледі.
Айырбастау орындарында доллар 449,9–451,9 теңгеге, еуро 490,5–494,5 теңгеге, ресей рублі 4,81–4,93 теңгеге сатылуда.
Ал 13 наурыздағы аукционда әлемдік бағалар көтеріліп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында мамыр айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,17%-ға өсіп, барреліне $82,06 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының сәуірдегі фьючерстері 0,13%-ға өсіп, барреліне 77,66 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript