Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелді

көлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2024 19:00 Сурет: unsplash
Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы

2024 жылғы 23 сәуірде сағат 18:15-те еріген қар суының салдарынан "Екатеринбург-Алматы" автомобиль жолының 686-729-шақырымының (Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы учаскесі) жүру бөлігін су алуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Солтүстік Қазақстан облысы

2024 жылғы 23 сәуірде сағат 18:15-те Қостанай облысынан еріген қар суының өтуіне байланысты "Екатеринбург-Алматы" автомобиль жолының 729-768-шақырымы аралығында (Қостанай облысының шекарасы - Тоқсан би ауылының учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: