Батыс Қазақстан облысында бірнеше автожолда көлік қозғалысы шектелді
Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысында бірнеше автожолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды:
- Ақтөбе - Орал-РФ шекарасы автожолының 273-392-шақырым аралығындағы учаскесі (Барбастау ауылы - Жымпиты ауылы);
- Орал - Тасқала-РФ шекарасы автожолының 4-104-шақырым аралығындағы учаскесі (Орал қаласы - РФ шекарасы);
- Атырау - Орал автожолының 372-492-шақырым аралығындағы учаскесі (Ақжайық ауылы - Орал қаласы).
Жолды 2025 жылғы 11 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript