Жетісу облысында көлік қозғалысы шектелді

Жетісу облысында ауа райының бұзылуына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 9 наурыз сағат 17:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Сарыөзек - Көктал" автожолының 40-68-шақырым-аралығындағы учаскесінде (Алтын Емел асуы) көлік қозғалысы шектелді.
Шектеу көліктің барлық түріне қатысты.
Жолды 2025 жылғы ертең, 10 наурыз сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
Еске салайық, бұған дейін Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлаған едік.
Синоптиктер ертең, 10 наурызда Алматыда, Астанада және тағы 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript