Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелді
Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 8 ақпан сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Батыс Қазақстан облысы:
- "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 393-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін).
Ақтөбе облысы:
- "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 526-702 шақырым аралығы (Батыс Қазақстан облысының шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін).
Жолды 2026 жылғы 9 ақпан сағат 00:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript