Еліміздің екі өңіріндегі республикалық автожолдарда көлік қозғалысы шектелді

Еліміздің екі өңіріндегі республикалық автожолдарда көлік қозғалысы шектелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2025 15:45 Сурет: pixabay
2025 жылғы 2 ақпан сағат 15:30-да ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы:     

  • "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ" автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы); 

Шығыс Қазақстан облысы:  

  • "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ" автожолының 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы-Ұлан ауылы);    

 2025 жылғы 3 ақпан сағат 06:00-де жолды ашу жоспарланып отыр. 

"1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметі.   
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: