Қайтадан жауын-шашын: синоптиктер 9 ақпандағы ауа райына болжам ұсынды

Қайтадан жауын-шашын: синоптиктер 9 ақпандағы ауа райына болжам ұсынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2026 15:33 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" 2026 жылғы 9 ақпанда Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, боран, көктайғақ, тұман және жел күшейеді.

Тек республиканың шығысында күн жауын-шашынсыз болады.

Батыста, оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында, Абай облысының оңтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында, Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында, сондай-ақ Түркістан облысының таулы асуларында күндіз желдің жылдамдығы секундына 30 метр және одан да жоғары болуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін cиноптиктер 2026 жылғы 8 ақпанда Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескерткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: