Жексенбіде Астана мен Атырауда ауа сапасы нашарлайды

Жексенбіде Астана мен Атырауда ауа сапасы нашарлайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2026 09:46 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2026 жылғы 8 ақпанда Қазақстанның екі қаласында ауа лас болатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" таратқан мәліметке сәйкес, 8 ақпанға қараған түні Астана мен Атырау қалаларында ауаның ластануына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай кезде тұрғындарға ашық ауада болу уақытын, әсіресе автожолдар мен басқа да ластау көздеріне жақын жерлерде, қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қантамыр және аллергиялық сырқаттары бар адамдар далада жүргенде өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерді бірге алып жүруі қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: