Қазақстанның 12 қаласында ауа ластанады

Қазақстанның 12 қаласында ауа ластанады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2026 10:05 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2026 жылғы 1 ақпанда Қазақстанның он екі қаласында ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" таратқан мәліметке сәйкес, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, ал түнгі уақытта Петропавлда ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — желсіздік, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді атмосфералық факторлардың үйлесуі. Мұндай кезде зиянды заттар жерге жақын ауа қабатында жиналып қалады.

ҚМЖ кезінде тұрғындарға ашық ауада болу уақытын азайту, әсіресе автожолдар мен ластаушы көздерге жақын жерлерден аулақ жүру ұсынылады. Ал өкпе, жүрек-қантамыр және аллергиялық аурулары бар адамдарға далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: