Қазақстанның жеті қаласында ауа ластанады
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 27 қаңтарда еліміздің жеті қаласында ауада зиянды қоспалардың көп болатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Мамандардың мәліметінше, 27 қаңтарда Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Балқаш, Өскемен және Семей қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript