Қазақстанның төрт қаласында ауа ластанады

ауа, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2024 10:33 Сурет: freepik
Синоптиктер бүгін, 12 мамырда Қазақстанның төрт қаласындағы ауада зиянды қоспалардың жоғары болатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz .

"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, түнде Қарағанды, Балқаш, Теміртау және Атырау  тұрғындары мен қонақтарын қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіп тұр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.

Мұндай ауа райы кезінде:

  • көшеде, әсіресе, тасжолдардың бойында жүруді азайту керек;
  • балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендемегені жөн;созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиямен ауыратын адамдар өздерімен бірге дәрі-дәрмегін алып жүруге тиіс;
  • таза ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз;дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу керек.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: