"Алматы-Өскемен" автожолында көлік қозғалысы шектелді

"Алматы-Өскемен" автожолында көлік қозғалысы шектелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2024 09:30 Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысында "Алматы-Өскемен" автожолында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 9 қарашада түнде "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"2024 жылғы 9 қарашада сағат 01:30-дан бастап Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Алматы-Өскемен" автожолының 480-557-шақырым аралығында (Көлбай ауылынан Үшарал қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болатынын хабарлаған еді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: