Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының Жетісу ауданындағы көпірде көлік қозғалысы шектелді

Алматының Жетісу ауданындағы көпірде көлік қозғалысы шектелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2024 16:33 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Жетісу ауданы Кемел шағын ауданындағы Жолымбет көшесіндегі Есентай өзеніндегі көпірде көлік қозғалысы шектелді.

50 жылдан астам уақыт бұрын салынған көпірді көзбен көру барысында көпір маңындағы үйінділердің шөгуі, сонымен қатар, көпір жақтауындағы топырақты су шайғаны анықталды.

Осыған байланысты көпірде қозғалысты шектеу және техникалық жай-күйіне сараптама жүргізу туралы шешім қабылданды.

"Көлік жүргізушілерінен маршрутты алдын ала жоспарлап алуын сұраймыз. Аталған аумақты Мұхамеджан Сералин көшесі арқылы айналып өтуге болады." Қалалық мобилділік басқармасы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: