Қазақстандықтар қарғын судан аман қалған үйлерге оралуда
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шекпеген үйлерге біртіндеп оралып бастауда, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметінше, республика бойынша 31112 адам өз үйлеріне оралды. 8 566 адам, оның ішінде 3 718 бала эвакуациялау пункттерінде.
"5677 тұрғын үй мен 2584 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 11,7 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,5 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.",- деді ведомства баспасөз қызметі.
Су тасқыны кезеңі басталғаннан жедел желі телефонына 2 205 қоңырау түскен.
Ел бойынша авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға барлығы 32 мыңнан астам адам және 4 мың бірлік техника, 773 су айдау құралы, 294 жүзу құралы, 13 әуе кемесі жұмылдырылды.
23 сәуірде су тасқынынан зардап шеккендер 150 АЕК мөлшерінде қосымша қаржылық көмек алатыны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript