Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда "Жасыл аймақ" тақырыбымен қала аумағында ағаш көшеттері отырғызылуда

Таразда "Жасыл аймақ" тақырыбымен қала аумағында ағаш көшеттері отырғызылуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2024 15:53 Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында "Жасыл аймақ" тақырыбымен Тараз қаласы аумағында ағаш көшеттері отырғызылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін "Әуендер әлемі" аллеясында кимешек киген 100 әже немерелерімен Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің аумағына 100 түп шынар ағашының көшеттерін отырғызып, абаттандыру жұмысын жүргізді.

Таразда "Жасыл аймақ" тақырыбымен қала аумағында ағаш көшеттері отырғызылуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2024 15:53

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Ш. Мұртаза атындағы мектеп- гимназиясының ардагер ұстазы, "Даналық мектебі" клубының төрағасы Сәуле Таңатарова жас ұрпаққа үлгі болар өнегелі іс-шараның маңыздылығына тоқталып, жиналғандарға алғыс айтты.

"Жас ұрпақ "Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" дейді қазақ даналығы. Сондықтан, бабадан балаға жеткен дәстүрмен Табиғат-ананы аялап, қастерлеуге баулу әжелердің парызы. Осы ретте барша замандастарымды кейінгі ұрпаққа үлгі көрсетіп, оларды ұлттық тәрбиемен сусындату мақсатында осынау шарадан шет қалмауға шақырамын", - деді Сәуле Таңатарова.
Таразда "Жасыл аймақ" тақырыбымен қала аумағында ағаш көшеттері отырғызылуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2024 15:53

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: