Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер жер тоңы әлі жібімеген ел өңірлерін атады

Жер тоңы, синоптиктер, топырақтың қатуы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2024 20:58 Сурет: unsplash
2024 жылдың 23 сәуіріндегі жағдай бойынша Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жеке аудандарында жер тоңы әлі жібімеген, қатты. Бұл туралы "Қазгиромет" РМК ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысының үш ауданында жер тоңы әлі қатты. Мысалы, Қарабалық ауданында 60-65 см-ден 90-95 см-ге дейін.

Ақмола облысында әлі де Целиноград, Шортанды, Біржан сал аудандарында және Көкшетау қаласында жер топырағы әлі мұз. Қату тереңдігі - 106-153 см, жоғарғы қабаттың еруі - 48-81 см, Целиноград ауданының Новоишимка ауылы маңайында 129 см тереңдікке дейін еріген.

Қарағанды облысында тек Осакаровка ауданында 65-150 см топырақ бетінің қабаты әлі мұз. 

Павлодар облысында жер тоңының толықтай жібуі тек бақылау пункттерінің жартысында ғана байқалады. Ертіс және Железинка аудандарында қатқан топырақ қалыңдығы 115-150 см тереңдікке жетеді, еруі 62 см-ден 129 см-ге дейін. Тереңкөл және Успенка аудандарында 138-203 см тереңдікке дейін, Лозовая станциясының маңайында 236 см дейін топырақтың күйі - мұз, ерігені 81 см-ден 147-150 см-ге дейін. Шарбақты ауданының орталығында жер тоңының қатуы 105-тен 257 см-ге дейінгі қабатта байқалады, ауданның оңтүстігінде жіби бастаған. 

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында жер тоңы әлі жібімеген - қатудың төменгі шекарасы 93 см, еруі 57 см тереңдікке дейін байқалады.

Қазақстанның қалған аумағында жер тоңы толықтай жібіген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: