Жаңалықтар тізбегі
0

Лаңкестік қауіп-қатерлер тағы да алғы шепке шықты, деп есептейді Тоқаев

Лаңкестік қауіп-қатерлер тағы да алғы шепке шықты, деп есептейді Тоқаев , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2024 12:16 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" сессиясында Ресейдегі шабуыл туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

"Радикалды идеологияны дәріптеу және ксенофобия отын тұтату үшін халықаралық тұрақсыздықты пайдаланып қалғысы келетіндердің әрекеті анық көрінуде. Кейбір мемлекеттердің геостратегиялық амбициясынан этнодіни астар іздеуге тырысатындардың, тіпті, оны өркениетаралық қақтығыс ретінде көрсеткісі келетіндердің үні қатты шыға бастады. Соның салдарынан қазір әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатқаны байқалып отыр.",- деді мемлекет басшысы.

Оның сөзінше, лаңкестік қауіп-қатерлер тағы да алғы шепке шықты.

"Таяуда Мәскеу іргесінде жұртты қанға бөктірген лаңкестік оқиға жүрегімізге өте ауыр тиді. Көптеген азаматтар қайғылы оқиғаның құрбандарына жанашырлық, тілеулестік танытып, Ресейдің Қазақстандағы елшілігі мен консулдығы ғимараттарының алдына гүл шоқтарын қойды. Әлемнің барлық дерлік елдері осындай көрініске куә болды.",- деп еске алды Тоқаев.

Бұдан бөлек, Қазақстан халықаралық құқықты және гуманистік идеалдарды берік ұстанатын ел ретінде алғашқылардың бірі болып Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттерді бейбіт халыққа жасалған сұмдық қатыгез әрекетті айыптауға шақырғанын айтты.

"Барша адамзат өзара диалог орнатып, күш біріктіру арқылы ғана халықаралық қатынас саласындағы күйреу мен ыдырау үрдісіне төтеп береді, берекесіздік пен сенімсіздікті еңсере алады",- деп қорытындылады мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Тоқаев қандай мәселелерді көтерді

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: