Қазақстанда ТЖМ техникалық базасы жаңартылады
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2024 жылғы 25 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" сессиясында, президент еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы ТЖМ-де қандай өзгерістер болатынын айтты.
"Төтенше жағдайлар министрлігінің техникалық базасын жаңартамыз. Оның арнайы техникасының, тікұшақтары мен ұшақтарының санын көбейтеміз. Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады. Бұл қызмет жер асты су ресурстарын барлау және қорғау жұмысымен айналысады.",- деді мемлекет басшысы.
Осы орайда қоршаған ортаның жай-күйіне бәріміз жауапты екендігімізді, мұны естен шығармау керек екендігімізді айтты.
"Қоғамда экология мәдениетін қалыптастырып, табиғатты аялау қағидасын дәріптеген жөн. Менің бастамаммен елімізде "Таза Қазақстан" жалпыұлттық науқаны өтіп жатыр. Мұндай шаралар су тасқыны болған аймақтарда да ұйымдастырылады. Ескертемін, бұл – ешқандай да бір реттік іс-шара емес. Барлық өңірде аумақтарды көгалдандыруға және тазалауға көп көңіл бөлу керек."Қасым-Жомарт Тоқаев
Әркім ортақ іске үлес қосатын болса, еліміз көркейе түседі.
"Біз қалалар мен ауылдарды абаттандыруымыз қажет. Әрбір үй, аула, тұрғын үй кешені, саябақ және басқа да нысандар әкімдердің де, жұртшылықтың да назарынан тыс қалмауға тиіс. Саламатты әрі жайлы орта қалыптастырамыз десек, азаматтар барынша белсенділік танытуы керек. Қоғам мүлкіне залал келтіретін адамдарды заңмен жауапқа тартамыз.",- деп толықтырды президент.
Ол әкімдер Үкіметтің көмегімен жергілікті маңызы бар жолдарды абаттандыруды қолға алуы тиіс екенін атап өтті.
"Бұл жұмыстар әкімдердің қызметін бағалайтын негізгі индикаторлар тізіміне енгізіледі"Қасым-Жомарт Тоқаев
Оқи отырыңыз: Президент су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіруге қатаң мерзім қойды.
Оқи отырыңыз
Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript