Жайықтағы жағдай жақсармай тұр

Жайықтағы жағдай жақсармай тұр, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2024 10:07 Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Атырау облысы Жайық өзеніндегі су деңгейі күннен-күнге көтерілуде. Бұл туралы 29 сәуірде Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:

  • Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 668 см., деңгейдің +23 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 445 см.
  • Жайық өзені - Махамбет кенті 754 см деңгейінде, тәулігіне + 11 см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 437 см.
  • Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы деңгейі 442 см., тәулігіне +8 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 251 см.

Мамандардың айтуынша, су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

"29 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3/с құрайды."Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Айта кетейік, мамандардың есебінше Атырауда су тасқының шыңы мамырдың басында күтілуде.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: