Жайықтағы су деңгейі айтарлықтай көтерілді
Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Жайық өзеніндегі су деңгейі біршама көтерлді. Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы ағымдағы жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:
- Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 750 см., деңгейдің +32 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 527 см құрайды.
- Жайық өзені-Махамбет кенті 795 см деңгейінде, тәулігіне + 16см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 478 см құрайды.
- Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 459 см., тәулігіне деңгейдің көтерілуі + 8см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 268 см құрайды.
Мамандардың айтуынша, су деңгейінің көтерілуі күтілуде.
"2 мамырда Иректі су қоймасынан ағызу 141 м3/с құрайды." Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Айта кетейік, бүгінгі таңда Атырау облысында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 13 мыңнан астам адам және 1200-ден астам техника жұмылдырылған. Өңірде 500 км-ден астам бөгет салынды, оның ішінде Атырау қаласындағы тұрғын алаптарының бойында 242 км, 4,8 млн-нан астам қапшықтар пайдаланылды. Өзен сағасында, Каспий теңізінде тереңдету жұмыстары жалғасуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript