Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда полиция қызметкерлері базарларды тексерді

Алматыда полиция қызметкерлері базарларды тексерді , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2024 11:03 Сурет: Zakon.kz
Алматыда базарларға жергілікті рейдтер жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық ІІД көші-қон қызметінің басшысы Асхат Бутунчинов өткен демалыс күндері полицейлердің 22 базарды тексергенін түсіндірді.

"Өткен демалыс күндері біздің бөлімше қызметкерлері 22 базарды тексерді, нәтижесінде 81 шетелдік анықталды, олардың 63-інде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс материалдары жинақталды. Олардың жетеуі сот шешімімен мемлекетімізден шығарылды. Сонымен қатар өздері шақырған шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында заңды болуын қамтамасыз етпеген 24 жеке және заңды тұлғаға әкімшілік шара қолданылды," – деді Алматы қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: