Жаңалықтар тізбегі
0

"Бұршақ түсіп, түнде үсік жүреді". 30 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, Қазақстан, 30 сәуір, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2024 18:26 Сурет: unsplash
Елімізде 2024 жылдың 30 сәуірінде, сейсенбіде ауа райы қандай болады? Синоптиктер Zakon.kz-ға өз болжамдарымен бөлісті.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, республикамыздың басым бөлігінің ауа райына атмосфералық фронтальды бөліктердің әсері болады, осыған байланысты солтүстік-батыс, солтүстік, орталық өңірлерде қатты жаңбыр жауады, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде аралас жауын-шашын болады.

"Республикамыз бойынша желдің екпін алуы күтіледі, еліміздің батысында, орталығында, шығысында найзағай ойнайды, батыс, солтүстік-батыс өңірлерде бұршақ жауады, сондай-ақ еліміздің батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында қатты жел тұрады, солтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде тұман болады деп болжанады. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде сынап бағаны -2°C көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі", - дейді синоптиктер.

Болжамға сәйкес, Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, батысында, оңтүстігінде, Қызылорда қаласының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Жетісудың батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: